Ақмолада ұялы байланыс компаниясының жұмысшысы 32 метр биіктіктен құлап кетті

12 Шілде, 21:11 698

Ақмола облысында ұялы байланыс антеннасы 32 метр биіктікте орналасқан орталық қазандықтың құбырында жөндеу жұмыстарын жүргізу кезінде компания қызметкері төменге құлап кетті. Оқиға Целиноград ауданы Ақмол кентінде болған, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

Ол үш метр төмен орналасқан құрылыс алаңына түскен.

Ұялы байланыс компаниясының қызметкері аман қалды, оның аяғы сынған. 

Ақмола облысы ТЖД күштерімен авариялық-құтқару жұмыстары жүргізілді. Ер адам автокран көмегімен жерге түсіріліп, жедел медициналық жәрдем бригадасына тапсырылды. 

Зарина Арман
Бөлісу: