Ақмолада ҰОС ардагерлері 3 млн теңгеден алады

15 Сәуір, 21:08 556

Ұлы Отан соғысындағы Жеңістің 79 жылдығына орай Ақмолада ҰОС ардагерлеріне төленетін төлем сомасы  ұлғайтылды. Биыл ардагерлер 3 миллион теңгеден алады, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

Жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар өңірлік басқармасының ақпараты бойынша Ұлы Отан соғысының ардагерлеріне теңестірілген ардагерлер де 10 – нан 30 АЕК-ке дейінгі мөлшерде төлем алады.

Чернобыль атом электр станциясындағы апаттың салдарын жоюға қатысқан адамдар және басқа мемлекеттердің аумағындағы қимылдарының ардагерлері 25 АЕК алады.

Айта кетейік, бүгінгі таңда облыста 6 ардагер тұрады.

Перизат Саденова
Бөлісу: