Ақмолада танысын пышақтаған әйел жауапқа тартылды

24 Тамыз, 00:47 829

Ақмола облысында мас күйде танысына пышақ жарақатын салған әйел жауапқа тартылды, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

Ақмола облысының тұрғыны алкогольдік ішімдіктерді ішу кезінде мас күйде бірге тұратын адамына пышақ жарақатын салған. 19 тамызда Есіл ауданының полиция бөліміне кеуде қуысының жаралануы диагнозы қойылған ер адамға шұғыл медициналық көмек көрсетілгені туралы ақпарат келіп түсті.

Аталған дене жарақатын келтірді деген күдікпен полицейлер жәбірленушінің бірге тұратын әйелін анықтап, ұстады. Азаматтық ерлі-зайыптылардың екеуі де алкогольдік ішімдіктерді теріс пайдаланатын адамдар ретінде наркологиялық диспансерде есепте тұратыны белгілі.

Әйел алкогольдік ішімдік ішкеннен кейін туындаған жанжал кезінде ер адамға пышақ салғаны анықталды. Осы факті бойынша полиция бөлімі Қазақстан Республикасы ҚК-нің 106-бабының 1-бөлігі “Денсаулыққа қасақана ауыр зиян келтіру”бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеруді бастады. Осы баптың санкциясы 10 жылға дейінгі мерзімге бас бостандығынан айыру түріндегі ең жоғары жазаны көздейді.


Перизат Саденова
Бөлісу: