Ақмолада су тасқынынан зардап шеккендерге 107 жеке үй салынып жатыр

8 Шілде, 18:10 728

Ақмола облысында су тасқынынан зардап шеккендер үшін 107 жеке тұрғын үйдің құрылысы қарқынды жүріп жатыр, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі. 

Өнеркәсіп және құрылыс министрлігі Ахуалдық орталығының мәліметіне сәйкес, құрылысы жүріп жатқан үйлердің 56-сы Бұланды ауданында, 30 үй - Жарқайың ауданында орналасқан. Ал қалған 21 үй Есіл ауданында бой көтеруде. 

Біз бұған дейін Көкшетау қаласында су тасқынынан зардап шеккендердің барлығы үймен қамтамасыз етілгені туралы жаздық.

 

Жансая Тәуекелқызы
Бөлісу: