Қарағанды облысының құтқарушылары Ақмола облысының аумағында су тасқынының салдарын жою жұмыстарын жалғастыруда, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.
Құтқарушылар ТЖМ мамандандырылған техникасын пайдалана отырып, Журавлевка ауылындағы үй маңындағы учаскелерден еріген суды сорып, су басу қаупін азайтады.
Ведомство мәліметінше, бүгінгі таңда жеке құрамның күшімен су сору станциясының және мотопомпаның көмегімен 43 мың текше метрден астам су сорылды.
Барлық жұмыстар қауіпсіздікті қамтамасыз етуге және халықты су тасқыны қаупінен қорғауға бағытталған.