Ақмолада соғыс жауынгерлерінің ескерткішін бүлдірген күдікті ұсталды

4 Қараша, 02:24 598

Ақмола облысында вандализм жасаған күдіктіні ұсталды, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі. 

Polisia.kz мәліметінше, заң бұзушылық 26 қазанда тіркелген. Соғыс жауынгерлеріне арналған ескерткіш бүлініп, тақтайшалар жұлынған. Полиция оқиға орнына жедел жетіп, тексеру жүргізді. Сотқа дейінгі тергеуді бастады.

Жедел-іздестіру іс-шаралары барысында 38 жастағы жергілікті тұрғын анықталды. Күдікті жасаған әрекетін мойындаған. Оған қатысты Қылмыстық кодекстің 294-бабы бойынша сотқа дейінгі тергеу жүргізіліп жатыр. Оқиғаның барлық мән-жайы анықталады. 

Перизат Саденова
Бөлісу: