Ақмолада полицейлер боранда қалған ресейлік 45 туриске көмектесті

24 Ақпан 2023, 17:14 1438

Ақмола полицейлері Ресей Федерациясының 45 турисін қарлы трассадан жылыту пунктіне жеткізді, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

24 ақпан күні патрульдік полиция батальонының 4-ші взводының командирі Ерлан Дарбаев пен инспектор Санжар Қожеғұловқа Жақсы - Есіл - Бұзұлык автожолында колоннада Ресей Федерациясының 45 азаматы бар автобус тұрғаны туралы хабарлама келген.

Мән-жайларды анықтау барысында РФ Челябинск қаласындағы туристік фирмаға тиесілі автобус Астана қаласына 45 турист пен еріп жүрушіні алып келе жатқаны белгілі болды. Топ түнде Қостанай қаласынан шығып, алайда ауа-райының қолайсыздығына және қозғалыстың шектелуіне байланысты көлік құралы қарлы жолда тұрып қалған.

Полиция экипажы туристер тамақтарын ішу үшін жақын маңдағы дәмханаға, содан кейін Есіл қаласындағы жылыту пунктіне орналастыру үшін автобусты ертіп жүрді.

EL.KZ
Бөлісу: