Ақмола облысын Бестөбе ауылында медициналық мекемеге тиесілі көлік өртенді. Оқиға 26 мамырда сағат 13.52-де Ақан сері көшесінде болған, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.
Оқиға орнына дереу Ақмола облысы ТЖД жеке құрамынан 3 құтқарушы мен 1 техника жөнелтілді.
Өрт сағат 13.59-те оқшауланып, сағат 14.05-де толығымен сөндірілді. Құрбандар мен зардап шеккендер жоқ.