Ақмола облысындағы Жаңа Колутон ауылы көлік қатынасынсыз қалды. Оған Қалқұтан өзенінің жайылуы сбеп болған, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.
Елдімекенде жергілікті тұрғындардың біріне медициналық көмек қажет болған. Облыстық жедел-құтқару жасағының қызметкерлері ер адамды қайықпен эвакуациялап, жедел медициналық жәрдем бригадасына тапсырды.
Қазіргі уақытта елдімекенде ТЖД күштері жұмыс істеуде.