Ақмолада 394 адам алкоголизмнен мәжбүрлеп емдеуге жіберілген

23 Қараша, 17:21 430

Ерейментау ауданы Селеті ауылының емдеу-профилактикалық мекемесіне алкогольге тәуелділіктен зардап шегетін 340 азамат жеткізілген, деп хабарлайды Malim.kz.

Облыс полициясының мәлімдеуінше, қылмыстардың көпшілігі мас күйінде немесе алкоголь ішу кезінде жасалады. Мас күйінде жасалатын жанжалдар жиі тұрмыстық зорлық-зомбылықты тудырады, бұл кейбір жағдайларда ауыр қылмыстарға әкеледі.

Мұндай оқиғалардың алдын алу үшін учаскелік полиция инспекторлары алкогольдік ішімдіктер жүйелі түрде тұтынылатын тұрғын үй-жайларда үнемі профилактикалық жұмыстар жүргізеді.

Бүгінде полиция қызметкерлерінің бұл қызметі «Учаске» ЖПІШ аясында күшейтілген. Жеке профилактикалық жұмысқа жатпайтын адамдарға облыстың мамандандырылған емдеу-профилактикалық мекемелеріне мәжбүрлеп емдеуге жіберу түріндегі шаралар қолданылады.

Жансая Тәуекелқызы
Бөлісу: