Ақмолада 35 жастағы ер адам жұмыс орнында көз жұмды

28 Қыркүйек 2023, 03:07 697

Ақмола облысында 35 жастағы жұмысшының өліміне байланысты қылмыстық іс қозғалып, сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде, деп хабарлайды  El.kz ақпарат агенттігі.

ПД баспасөз қызметі таратқан мәліметке сүйенсек, қайғылы жағдай Степногор қаласына қарасты Заводская кентінде болған.

Бұл туралы қалалық полиция басқармасына жедел жәрдем станциясының фельдшері хабарлап айтқан.

Белгілі болғандай, жергілікті кәсіпорында электр бағанында жөндеу жұмыстары кезінде 35 жастағы жұмысшы (Ақкөл қаласының тұрғыны) бетон бағанмен бірге жерге құлап, мерт болған.

Осы дерекке байланысты Қылмыстық кодекстің 156 бабының 3-бөлігі "Еңбекті қорғау ережелерін бұзу" бойынша сотқа дейінгі іс қозғалып, тергеу амалдары жүргізілуде. Сот-медициналық сараптамасы тағайындалды. Сонымен бірге, мемлекеттік еңбек инспекторы оқиғаның мән-жайын анықтауда, - деді ведомстводан.

Перизат Саденова
Бөлісу: