Ақмолада 20 тонна жұмыртқа тиелген фура аударылып қалды

27 Қараша 2023, 13:05 1100

Ақмола облысында «Көкшетау – Рузаевка» тас жолында көктайғақтан жұмыртқа тиелген фура аударылып қалды. Бұл туралы облыстық полиция департаменті баспасөз қызметі мәлім етті, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі. 

Оқиға «Көкшетау – Рузаевка» тасжолының 21-шақырымында болды.

Рузаевка бағытында жүріп бара жатқан «Вольво» көлігінің жүргізушісі – 21 жастағы ақтөбелік көктайғақтың салдарынан рульге ие бола алмай қалған. Салдарынан көлік аударылды. Анықталғандай, жүргізуші Астанадан Ақтөбе қаласына 20 тонна жұмыртқа тасымалдап бара жатқан, - деді ведомстводан.

Ақмарал Ағзамқызы
Бөлісу: