Ақмола тұрғыны құрылыс алаңында бір қолынан айырылды

29 Наурыз 2023, 19:38 839

Ақмола облысында құрылыс жұмыстары кезінде 49 жастағы ер адамның қолын бетон араластырғыш жұлып әкетті, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі облыстық полиция департаменінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Ведомствоның мәліметінше, Көкшетау қалалық ПБ кезекші бөліміне облыс орталығындағы медициналық мекеменің қызметкері хабарласқан.

Ол станционарға «оң жақ білектің үштен бір бөлігінің травматикалық ампутациясы, оң жақ иықтың жабық сынуы» диагнозымен ер адам жеткізілгенін айтты.

Анықталғандай, жазатайым оқиға биылғы 28 наурызда болған. Құрылыс жұмыстары кезінде ер адамның қолы бетон араластырғышқа қысылып қалған. Зардап шеккен Щучинск қаласының 49 жастағы тұрғыны ауруханаға жатқызылды. Полиция басқармасы осы дерекке қатысты ҚР ҚК 156-бабының 2-бөлігі «еңбекті қорғау ережелерін бұзу» бойынша сотқа дейінгі тергеуді бастады, - деді ведомстводан.

Сонымен бірге, қазіргі кезде мемлекеттік еңбек инспекторы тарапынан тексеріс қолға алынып, сот-медициналық сараптама тағайындалды.

EL.KZ
Бөлісу: