Ақмола тұрғыны баласын соққыға жыққан әкімді жазалауды сұрады

7 Қыркүйек 2023, 10:57 1132

Ақмола облысы Астрахан ауданы Острогорск ауылдық округінің әкімі Құрман Табиғатқа ер адамды ұрып-соқты деген айып тағылды, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

Жәбірленушінің анасы әлеуметтік желі арқылы әкімге видео үндеу жолдады.

Табиғат Құрманұлы, қашанға дейін бассыздық танытасың? Адамға қол көтеруге саған кім құқық берді? Жалпы, сен кімсің өзің? Әлде өзіңді басқалардан артықпын деп санайсың ба? Сабап тастаған ұлым сияқты сен де бір әйелден туған боларсың? Құдайдың қаһарынан қорықпайсың ба? Сенің де балаларың өсіп келеді, немерелерің де болады. Құдайдың жазасынан қорықпайсың ба? - дейді әйел видеода.

Сондай-ақ ол бұл бірінші орын алып отырған жағдай емес екенін айтады. Оның айтуынша, алдында да әкімге қатысты ешқандай жаза қолданылмаған. Сондықтан әйел бұл жолы да шенеунік жауапкершіліктен жалтара алатындығына сенімді.

Отырып алып үнемі не деп кіжінуші едің? «Новый Колутонның қожайыны мен! Мұндағы билік менмін!» деуші ме едің? Ал сол билікке кім сайлады сені? Адамдар саған неге дауыс берді? Адамды қорғап, олардың құқығын талап ету үшін. Ал сен не істеп жатырсың?, - деді жәбірленушінің анасы.

Ол Құрман Табиғаттың байланыстары барына байланысты сот төрелігіне сенбейтіндігін, сондықтан сотқа жүгінбейтінін мәлімдеді.

Полиция департаменті 6 қыркүйекте әлеуметтік желіге мониторинг жүрізу кезінде Ақмола облысы тұрғынының Острогорск ауылдық округі әкіміне қатысты шағымы анықталғанын хабарлайды. Ол лауазымды адамның 31 жастағы ұлына дене жарақатын салғанын айтқан. Бұл шағым Астрахан ауданының полиция бөлімінің ақпараттарды есепке алу кітабына дереу тіркелді, - деді баспасөз қызметі.

Сондай-ақ, сот-медициналық сараптама тағайындалды, оның нәтижелері бойынша түпкілікті іс жүргізу шешімі қабылданатындығы да нақтыланады.

Равиль Ашығали
Бөлісу: