Ақмола облысының тұрғыны жарылғыш заттарды сақтады деген күдікке ілінді

17 Шілде 2023, 19:44 810

ПД Ұйымдасқан қылмысқа қарсы күрес басқармасының қызметкерлері Степногорск қаласында 61 жастағы тұрғын жарылғыш заттарды заңсыз сақтайтыны туралы жедел ақпарат алды, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

Ер адамның гаражын тексеру кезінде жарылғыш толқын бағыттаушылары болып табылатын 34 металл-цилиндрлік заттар табылды.

Сараптама тағайындалды.

Факт ҚР ҚК 287-бабының 3-бөлігі бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексерулердің бірыңғай тізілімінде тіркелген.

Перизат Саденова
Бөлісу: