Ақмола облысында жүк пойызы рельстен шығып кетті

10 Қазан, 00:28 482

Ақмола облысында жүк пойызы рельстен шығып кетті, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

9 қазан сағат 17:40-та Есіл-Құсмұрын учаскесінің Сұрған станциясында электровоз бен жүк вагондарының рельстен шығып кетті. Құрбан болғандар жоқ, - деп атап өтті компаниядан.

Белгілі болғандай, апат салдарын жою үшін қалпына келтіру пойыздары жұмылдырылды.

Оқиға себептерін тексеру үшін комиссия жіберілді.

Перизат Саденова
Бөлісу: