Ақмола облысында жол жабылды

Кеше, 17:54 189

Ақмола облысында жол жабылды, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

2025 жылғы 26 ақпан сағат 17:00-де ауа райының бұзылуына байланысты "Астана - Атбасар - Жақсы - Рузаевка - Сарыкөл - Қостанай - РФ шекарасы" автожолының 856-915 шақырым аралығындағы учаскесінде (СҚО шекарасы - Жақсы а.) көліктің барлық түрінің қозғалысына шектеу қойылады.

Жолды 2025 жылғы 27 ақпан сағат 10:00-де ашу жоспарланған.

Айта кетейік, республикалық автожолдарда қысқы күтіп-ұстау жұмыстары ұдайы жүргізіледі.  

Мөлдір Қайнар
Бөлісу: