Ақмола облысында жол апатынан екі адам қайтыс болды

Бүгiн, 15:25 172

Ақмола облысындағы тас жолда болған жол апатынан екі адам қаза тапты, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

27 сәуір күні «Шідерті – Ерейментау – Астана» автожолының 178-шақырымында Toyota Alphard пен MAN жүк көлігі қатысқан жол-көлік оқиғасы болды. Ақмола облыстық Полиция департаментінің хабарлауынша, жеңіл көліктің жүргізушісі мен бір жолаушысы оқиға орнында көз жұмған. Тағы бір жолаушы әртүрлі жарақаттармен Ерейментау ауруханасына жеткізілді.

Қазіргі уақытта аталған оқиға бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізіліп жатыр.

Мадина Асылбекова
Бөлісу: