Ақмола облысында жол апаты кезінде бір адам қайтыс болды

5 Ақпан, 22:14 885

Ақмола облысында балалар мінген шағын автобус жол апатына ұшырап, бір адам бақилық болды, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі өңірлік полиция департаментіне сілтеме жасап. 

Оқыс оқиға кезінде аталған көліктегі 15 жолаушы ауруханаға жатқызылып отыр, жол апаты 4 желтоқсан күні «Көкшетау-Атбасар» тас жолының 128 шақырымында болған.

Белгілі болған дерек бойынша «Mercedes-Benz Sprinter» көлігінің 62 жастағы жүргізушісі қар тазалайтын көліктен айналып өтпек болған сәтте жолдың қарсы бағытында келе жатқан «Nissan Primera» көлігімен соғылған. Соның салдарынан жеңіл көліктің 20 жастағы жүргізушісі оқиға орнында қайтыс болды. Бұдан бөлек, 15 жолаушы, оның ішінде 7 оқушы дене жарақаттарымен Сандықтау аудандық ауруханасына жеткізілген.  

Қазіргі кезде «Көлік құралдарын басқаратын адамдардың жол қозғалысы немесе көлік құралдарын пайдалану ережелерін бұзу дерегі» бойынша іс қозғалып, сотқа дейінгі тергеу амалдары қолға алынып, бірқатар сараптамалар тағайындалды, - деді ПД-нің баспасөз қызметі таратқан ақпаратта. 

Перизат Саденова
Бөлісу: