Ақмола облысында жоғары сынып оқушылары бесінші сыныптың баласын зорлаған

12 Қыркүйек 2023, 11:23 1210

Әлеуметтік желіде жоғары сынып оқушылары 5-сынып оқушысына жыныстық зорлық жасады деген ақпарат таралды, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

Оқиғаға қатысты Ақмола облысының Полиция департаменті түсініктеме берді.

Қылмыстың өткен жылы болғаны анықталды. Сонымен бірге айыпталушылардың бірі мектеп мұғалімінің ұлы екен. Қазіргі таңда кәмелетке толмаған балаға қатысты жыныстық сипаттағы зорлық-зомбылық фактісі бойынша тергеу жүргізіліп жатыр.

Бұл оқиға, жәбірленуші тараптың мәлімдемесіне сәйкес, 2022 жылдың маусым айында болған. Қазіргі уақытта сараптама тағайындалды, оқиғаның мән-жайы анықталып жатыр. ҚР ҚІЖК-нің 201-бабына сәйкес өзге ақпарат жария етілмейді, - деп атап өтті департаментте.

Ақмарал Ағзамқызы
Бөлісу: