Ақмола облысында жоғалып кеткен ер адам он күннен кейін табылды

13 Мамыр 2023, 16:55 1609

Ақмола облысының Целиноград ауданында он күн бұрын із-түзсіз жоғалған ер өлі табылды, деп хабарлайды El.kz ақпараттық агенттігі. 

Целиноград ауданының 29 жастағы тұрғыны Шыңғыс Мұстафинге биылғы жылғы мамырдың 3-інде іздеу жарияланған еді. Оны іздеуге тәртіп сақшыларымен бірге әскери қызметшілер, еріктілер, туыстары мен таныстары жұмылдырылды. 

Мамырдың 12-сінде қабылдаған шаралардың нәтижесінде ер адамның денесі Сандықтау ауданының аумағынан табылды. Сот-медициналық сараптама тағайындалды, соның қорытындысы бойынша процессуалдық шешім қабылданады, – деді ПД баспасөз қызметіндегілер. 

ПД баспасөз қызметі бейнебақылау камераларының көмегімен полиция қызметкерлері жоғалып кеткен ер адамның Сандықтау ауданы аумағына автокөлікпен келгенін, кейін көліктің Сандықтау ауылында тұрғанын анықтаған. 

Асқар Таудай
Бөлісу: