Ақмола облысы Ақкөл қаласында екі жасөспірім хабар-ошарсыз жоғалып кетіп, іздеу жарияланды
деп хабарлайды El.kz ақпараттық агенттігі.
Облыстық полиция департаментінің мәліметінше 15 жастағы Анастасия Мац пен 14 жасар Элеонора Аяшеваны Ақмола полициясыіздеуді қолға алып, оларға еріктілер қосылған.
Сол уақытта жоғалған қыздар ұялы телефондарын өшіріп тастаған. 9 маусымда кешке Ақкөл ауданының криминалдық полиция бөлімінің қызметкерлері жедел-іздестіру нәтижесінде қос жасөспірімді Астанадағы жалдамалы пәтерден тапты.
Жасөспірімдерге қатысты заңсыз әрекеттер жасалмағаны анықталып, кәмелетке толмағандармен профилактикалық әңгімелер жүргізілді және олардың мінез-құлқын бақылау күшейтілетін болды.