Ақмола облысында жедел жәрдем жүргізушісіне пышақ сұққан ер адам ұсталды

11 Ақпан, 17:55 807

Щучье қаласында жедел жәрдем көлігінің жүргізушісіне шабуыл жасалды. Бұл туралы әлеуметтік желіде бейнежазба жарияланды. Ақмола облысы ПД баспасөз қызметінің мәліметінше, қазіргі кезде күдікті ер адам ұсталып, үстінен іс қозғалған, деп хабарлайды Еl.kz ақпарат агенттігі Kazinform-ге сілтеме жасап. 

Биылғы жылғы ақпанның 10-да Ақмола облысы ПД қызметкерлері Щучье қаласында жанар-жағар құю станциясында жедел жәрдем автокөлігінің жүргізушісіне дене жарақаттарын салған ер адам ұсталды. Сотқа дейінгі тергеп-тексеру басталды, күдікті уақытша ұстау изоляторына қамалды, - деп жазылған ПД баспасөз қызметі таратқан ақпаратта. 

Бұған дейін 27 қаңтарда ер азамат шақыруға келген дәрігерлер бригадасының жүргізушісімен сөзге келіп, соққыға жыққан болатын. Бұл дауға ер адамның аула жолымен өте алмағаны себеп болған көрінеді. 

Жансая Әділбек
Бөлісу: