Ақмола облысында жас жігітті пойыз қағып кетті

8 Қараша, 15:07 879

Ақмола облысында жас жігітті пойыз қағып кетті, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

Бұланды ауданының Макинск қаласында бүгін таңғы 08:45-те жас жігіт пойыз астына түсіп, мерт болды. Марқұм өтуге болмайтын жерден өткен. Күн жарық болған.

Пойыз шұғыл түрде тежегішті іске қосқанымен, сигнал бергенімен еш нәтиже болмаған. Капишон киіп, құлаққап тағып алған жас жігіт оның бәрін естімеген.

32 жастағы ер адам Бұланды ауданының әкімдігінде маман болып жұмыс істеген.

Мөлдір Қайнар
Бөлісу: