Ақмола облысында жарылған газ үш адамның өмірін жалмады

17 Қараша, 11:40 413

Ақмола облысында ауылды жердегі бұрынғы мешіт ғимаратында газ жарылып, үш адам апат салдарынан қайтыс болды, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

Қайғылы оқиға Сабынды ауылында болған. Бұрынғы мешіт ғимаратында сол уақытта қайтыс болған адамның қонақасы берілген. Ал жарылыстың салдарынан ғимарат толық қирап, жарамсыз болып қалды. Ал оқиғадан 46 жастағы ер адам, 41 жастағы әйел және 12 жастағы бала бақилық болды. 

Бұдан бөлек, жарақат алған 16 адам Астана қалалық ауруханасына жеткізілді. Құтқарушылар оқиға орнынан 6 газ баллонын сыртқа алып шықты. Олардың жалпы саны 7 болған. 

Апатты шығуына газдың жарылуы себеп болды. Құтқарушылар үйінділердің тазалап жатыр. Оқиға орнында жеке құрамның 30-ға жуық қызметкері және облыстың ТЖД бес техникасы, жедел құтқару жасағы, апаттар медицинасы орталығы, психологтар, Астананың кинологиялық қызметі жұмыс істеп жатыр, - деді облыстық ТЖД  баспасөз қызметі. 

 

Жансая Тәуекелқызы
Бөлісу: