Ақмола облысында жарақат алған адам таудан түсірілді

23 Маусым, 14:39 579

Аяғынан жарақат алған адамды құтқарушылар 900 метр биіктіктегі таулардан түсірді, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

ТЖМ мәліметінше, түнде Ақмола облысында таудан түсу кезінде 1986 жылы туған ер адамның аяғы тайып кетіп, жарақаттанған. Оның жанында досы болған.

Тез арада жеткен құтқарушылар алғашқы медициналық көмек көрсетті және оны 900 метр биіктіктен түсіріп, жедел жәрдем қызметкерлеріне тапсырды, - делінген мәліметте.

ТЖМ таудағы қауіпсіздік шараларын сақтау қажеттігін еске салады.

Жансая Тәуекелқызы
Бөлісу: