Ақмола облысында теміржол бойынан қайтыс болған студенттің денесі табылды

7 Қазан 2023, 16:53 2678

Щучинсктегі теміржолдан 19 жастағы студенттің денесі табылды, деп хабарлайды El.kz ақпараттық агенттігі ҚазАқпаратқа сілтеме жасап.

Жас жігіттің денесі Ақмола облысындағы Бурабай шипажайы – Жамантұз учаскесінде табылған көрінеді.

6 қазанда Көкшетау стансасындағы желілік полиция бөлімшесінде ҚР Қылмыстық кодексі 344-бабының 2-бөлігі («Абайсызда адам өліміне әкеліп соқтырған теміржол көлігін пайдалану немесе жол қозғалысы қауіпсіздігі қағидаларын бұзу, соның салдарынан теміржол көлігін пайдалану және көлік құралын пайдалану қауіпсіздігін бұзу») бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды. Қазіргі уақытта іс бойынша тиісті тергеу амалдары жүргізіліп жатыр, - деп атап өтті көліктегі полициядан.

Асқар Таудай
Бөлісу: