Ақмола облысында салынып жатқан білім нысандарының құрылысы тексерілді

8 Шілде, 00:31 983

Қосшы қаласындағы мектеп пен Целиноград ауданының Қабанбай батыр ауылындағы жайлы мектептің де құрылыс жұмыстары тексерілді, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

Қосшы қаласының қарқынмен дамып келе жатқан тұрғын аудандарының бірінде 1200 орындық мектептің құрылысы аяқталуға жақын. Бүгінгі таңда мектеп аумағын абаттандыру жұмыстары жүргізілуде. Қабанбай батыр ауылында 1200 орындық жайлы мектеп құрылысының барысы да тексерілді. Мердігер компания өкілдері Әділхан Әбілдиннің айтуынша, жоба қызу жүріп жатыр.

Учаскеде құрылыс-монтаж жұмыстары, ғимаратты қаптау, ішкі әрлеу жұмыстары, инженерлік желілер жүргізілуде. Жабдық пен басқа да бірқатар материалдарды жеткізу бойынша келісімдер жасалды, - деді А.Әбілдин.

Аймақ басшысы балаларға сапалы білім беруде құрылыс жұмыстарының талапқа сай болуы маңызды екеніне тоқталды.

Біз заманауи, техникалық жабдықталған оқу орындарын салуымыз керек. Біздің балаларымыз жақсы жағдайда оқуы керек. Ең бастысы, құрылыстың сапалы жүргізілуін қамтамасыз ету және барлық нысандардың мерзімінде тапсырылуын бақылау. Білім басқармасы және аудан әкімдік басшылығы мектептерді кәсіби педагогикалық кадрлармен қамтамасыз етіп, балалардың дамуына қосымша мүмкіндіктер жасауы қажет.  Оқушылардың сапалы тізімін жасап, мектептер арасында теңдей бөліңіз, - деді М.Ахметжанов.

Келесі кезекте облыс әкімі Қоғамдық мәдени-спорттық орталыққа салынып жатқан кіреберіс жолдар құрылысының барысымен танысты.

Жалпы, бүгінде мердігер ұйым жол жамылғысын жабар алдындағы қиыршық тас төсеу жұмыстарын жүргізуде. Жалпы жобаға асфальт төсеу, жаяу жүргіншілер жолы, көшелерге жарықтандыру орнату, аумақты абаттандыру және таңбалау жұмыстары кіреді. Жолдың ұзындығы 1 шақырымды құрайды.

Сапар қорытындысы бойынша облыс әкімі қала әкіміне нысандардың құрылыс барысын бақылауды және қаланың әлеуметтік-экономикалық дамуы бойынша алдағы жұмыстарды жалғастыруды тапсырды.

Перизат Саденова
Бөлісу: