Ақмола облысында қоғамдық ғимарат өртенді

27 Сәуір, 10:40 440

Ақмола облысының Сандықтау ауданында қоғамдық ғимаратта өрт шықты, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

ҚР ТЖМ мәліметінше, өрт 255 шаршы метр аумақта толығымен сөндірілді.

Қайтыс болғандар мен зардап шеккендер жоқ. Өрттің шығу себебі анықталуда, - делінген мәліметте.

Жансая Тәуекелқызы
Бөлісу: