Ақмола облысында қарулы ер адам іздестіріліп жатыр

21 Қараша 2023, 13:00 757

Ақмола облысында Toyota Land Cruiser Prado мінген қарулы ер адамды іздестіріліп жатыр. Ол Макинск қаласының 23 жастағы тұрғынын өлтірді деген күдікке ілінді, - деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі  716.kz сайтына сілтеме жасап.

21 қарашаға қараған түні Макинск тұрғындары аудандық аурухана маңында атыс дыбысын естіген. Оқиға орнынан оқ жарақатын алған 23 жастағы ер адам өлі табылды.

Ақмола облысының Полиция департаменті 21 қарашада сағат 01:30 шамасында 27 жастағы қала тұрғыны танысын атыс қаруымен өлтіргенін хабарлады. Артынша күдікті марқұмға тиесілі Toyota Land Cruiser Prado 150 көлігін ұрлап, оқиға орнынан бой тасалаған.

Қазіргі уақытта күдіктіні ұстауға бағытталған жедел іздестіру шаралары жүргізіліп жатыр. Полиция департаментінің жеке құрамы мен бөлінген күштері бағытталды.

Мөлдір Қайнар
Бөлісу: