Ақмола облысында пәтерден алтын бұйымдар ұрлаған күдікті ұсталды

8 Тамыз, 12:06 385

Бурабай ауданының полиция бөліміне 74 жастағы жергілікті тұрғын келіп, үйіндегі бағалы бұйымдары жоғалғаны туралы арызданған, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі

Жәбірленушінің айғақтарына сәйкес, 26 шілдеден 4 тамызға дейін ол үйде болмаған кезде, оған тиесілі пәтерден белгісіз адам алтын бұйымдарды, яғни сырғалар мен сақиналарды ұрлап кеткен.

Залал сомасы 300 мың теңгені құрады. Жедел-іздестіру іс-шаралары барысында криминалдық полиция бөлімінің қызметкерлері бір тәулік ішінде күдікті ер адамды анықтады.

Ол жәбірленушінің пәтерін бірге жалдап тұрған Макинск қаласының тұрғыны болып шықты.

Полиция бөлімі бұл фактіні Қазақстан Республикасы ҚК-нің 188-бабы (Ұрлық) бойынша тіркеді. Сотқа дейінгі тергеу жүргізіліп жатыр.

 

Мөлдір Қайнар
Бөлісу: