Ақмола облысында өзгенің мүлкін өртеп жіберген ер адам ұсталды

14 Мамыр, 16:39 832

Ақмола облысында полиция өзгенің мүлкін өртеп жіберген ер адамды анықтады, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі Polisia.kz-ке сілтеме жасап.

Ақмола полицейлері бұрын жасалған қылмысты ашты. Біржан Сал ауданының полиция бөліміне жергілікті кәсіпкердің өтініші келіп түсті. Ер адам ағымдағы жылдың 8 наурызында белгісіз адамдар ауданда орналасқан өзіне тиесілі ЖШС-нің тұрғын үй вагонын өртегенін хабарлады. Залал сомасы 1 млн теңгені құраған. Тергеу барысында полиция бөлімінің қызметкерлері күдіктіні анықтады. Ол осы кәсіпорынның қызметкері, Қостанай облысының 29 жастағы тұрғыны болып шықты.

Осы фактіге қатысты полиция бөлімі Қазақстан Республикасы ҚК 202-бабының 2-бөлігі (Бөтеннің мүлкін қасақана жою) бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеруді бастады. Естеріңізге сала кетейік, Қылмыстық кодекстің осы бабының 2-бөлігінің санкциясы үш жылдан жеті жылға дейінгі мерзімге шектеу немесе бас бостандығынан айыру түріндегі ең жоғары жазаны көздейді.

Мөлдір Қайнар
Бөлісу: