Ақмола облысында өрт кезінде 4 адам құтқарылды

9 Маусым, 16:42 437

Щучинск қаласындағы тұрғын үйдің пәтерлерінің бірінде  өрт шықты, деп хабарлайды El.kz aқпарат агенттігі. 

Тілсіз жау шарпыған аумақ 12 ш. м. алаңға жайылған. Құтқарушылар үш тізелі баспалдақтың көмегімен 4 тұрғынды құтқарды. Кейін олар жедел медициналық жәрдем бригадасына тапсырылды.

ТЖМ күштерімен өрт шақырту түскен сәттен бастап 22 минутта жойылды.

Құтқару операциясына бөлімше командирі Әсет Жолдасбаев, аға өрт сөндіруші құтқарушы Аманжол Шырылдақов,  Щучинск қ. 6-МӨСБ өрт сөндіруші құтқарушысы Данияр Оразалин қатысты. 

Жансая Тәуекелқызы
Бөлісу: