Ақмола облысында оқушы автобус астында қалып көз жұмды

19 Ақпан, 17:19 720

Ақмола облысында мектеп автобусының астында қалып көз жұмды, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

Облыстық Полиция департаментінің мәліметінше, қайғылы оқиға 19 ақпан күні Қараөткелдегі ІТ-мектеп аумағында болған.

Мектеп автобусының жүргізушісі 2015 жылы туған кәмелет жасына толмаған жасөспірімді қағып кетті. Бұл фактіге байланысты полиция тергеу жүргізіп жатыр, - делінген мәліметте.

Мадина Асылбекова
Бөлісу: