Ақмола облысында мас жүргізуші үш адамның өліміне себеп болды

24 Наурыз, 13:33 1482

23 наурыз күні Ақмола облысында полициядан қашқан жүргізуші үш адамның өліміне себеп болды, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

Toyota Land Cruiser жүргізушісі тәртіп сақшыларының тоқтау туралы бұйрығына бағынбай, қозғалысын жалғастырған.

Полиция қызметкерлерінің мәліметінше, жүргізуші екінші көлікті сырып өтіп, оқиға орнына қашып кетуге әрекеттенген. Көлікті тоқтату туралы бұйрыққа бағынбағандықтан, тәртіп сақшылары оқ атуға мәжбүр болған.

Полициядан жасырынбақ болған ол Заводская – Промышленная аймағында Audi В4 көлігімен соқтығысқан, жол апатынан көліктегі жүргізуші мен екі жолаушы оқиға орнында қайтыс болды.

Аталған іске байланысты сотқа дейінгі тергеу басталды. Жол талғамайтын көлік жүргізушісінің мас күйде болғаны расталды.

Жансая Тәуекелқызы
Бөлісу: