Ақмола облысында көлік құралдарының барлық түрлері үшін қозғалыс шектелді

19 Қараша 2023, 09:18 1287

Ауа-райының нашарлауына байланысты патрульдік жасақ күшейтілген жұмыс режиміне көшті, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

Қазіргі уақытта Көкшетау-Омбы, Көкшетау-Рузаевка, Алматы - Екатеринбург халықаралық маңызы бар трасса учаскесі, Астана-Петропавл, Көкшетау-Щучинск, Көкшетау - Петропавл, Көкшетау-Атбасар, Щучинск-Зеренді автожолдарын жабу туралы шешім қабылданды.  

Полиция трассалардың жабылуы туралы хабарламаларыр назардан тыс қалдырмауға және елді мекендерден шықпауға кеңес береді.

Асқар Таудай
Бөлісу: