Ақмола облысында көлік өртенді

14 Шілде, 21:40 487

Ақмола облысының құтқарушылары көліктен шыққан өртті сөндірді, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі. 

Өңірге қарасты Целиноград ауданының Кабанбай Батыр ауылының шетінде 6 шаршы метр ауданды қамтыған жеңіл автокөлік өрті тіркелді.

Өрт сөндірушілердің үйлесімді әрекеттерінің нәтижесінде тілсіз жау дер кезінде сөндірілді. Оқыстан болған төтенше оқиғадан зардап шеккендер жоқ. Қазір сала мамандары өрттің себебі анықтап жатыр. 

Бұл ретте ТЖМ автокөліктегі өрт қауіпсіздігі ережелерін сақтауды қаперге салады. 

Зарина Арман
Бөлісу: