Ақмола облысында іздеуде жүрген күдікті ұсталды

20 Қыркүйек, 17:32 571

Аса ірі мөлшерде алаяқтық жасағаны үшін іздеуде жүрген қылмыскер ұсталды, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

Целиноград ауданы полиция бөлімінің қызметкерлері іздеуде жүрген күдіктіні ұстады.

2024 жылдың қаңтар айынан бастап күдікті Астана қаласы мен Ақмол ауылының тұрғындарын алдап, сенімін теріс пайдаланып, олардың 90 млн теңге көлеміндегі ақшалай қаражатын иемденген, - дейді ведомство.

Қазіргі уақытта ол тергеу изоляторына қамалды.

Күдіктінің кінәсі дәлелденсе, мүлкі тәркіленіп, он жылға дейінгі мерзімге бас бостандығынан айырылуы мүмкін.

Мөлдір Қайнар
Бөлісу: