Ақмола облысында із-түзсіз жоғалған шопанның денесі табылды

31 Мамыр, 12:38 1082

Ақмола облысында 22 мамырда жоғалып кеткен 57 жастағы шопанның денесі Есіл өзенінен табылды, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

Жарқайың ауданындағы шаруа қожалықтарының бірінде бақташы болып жұмыс істеген 57 жастағы Дәулетбай Кәкешті іздеу аяқталды.

Қазір сараптама тағайындалып, оның қорытындысы бойынша соңғы процессуалдық шешім қабылданады.

Алғашында шаруа қожалығының қызметкерлері шопанды өз күштерімен іздеп, төрт күннен кейін кәсіпорын басшысы полициядан көмек сұраған.

Мөлдір Қайнар
Бөлісу: