Ақмола облысында итті қағып кеткен депутат жазаланды

13 Мамыр, 17:46 742

Ақмола облысында мәслихат депутаты итті қағып кеткен, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

Облыстық полиция департаменті өкілдері ер адам жауапкершілікке тартылғанын айтты. Белгілі болғандай, депутат әріптестерінің көзінше итті көлікпен басып өлтірген.  

Ақмола облысының полиция департаменті оқиғаға қатысты пікір білдіріп, Зеренді аудандық полиция бөлімі тексеріс жүргізгенін мәлімдеді. Нәтижесінде жануарға қатыгездік көрсеткен жүргізуші жауапкершілікке тартылған.

Депутат ҚР Әкімшілік құқықбұзушылық туралы кодексінің 407-бабы бойынша жауапқа тартылды ("Қазақстан Республикасының асыл тұқымды мал шаруашылығы туралы заңнамасын бұзу"). Ер адамға 5 АЕК (18 460 теңге) мөлшерінде айыппұл салынды.

Мөлдір Қайнар
Бөлісу: