Ақмола облысында ер адам суға батып кеткен

6 Маусым 2023, 17:53 927

Ақмола облысында суға батып кеткен 53 жастағы тұрғынның денесі табылды. Бұл туралы Polisia.kz сайтына сілтеме жасай отырып El.kz ақпараттық агенттігі хабарлайды.

4 маусым күні Целиноград ауданы полиция бөлімінің кезекші бөліміне Қараменді батыр 53 жастағы ауыл тұрғынының Мортық ауылының маңында Есіл өзенінде суға батып кеткендігі туралы хабарлама келіп түскен.

Полиция қызметкерлері оқиға орнын тексеріп, ер адамның денесін тапты. Денесінде зорлық-зомбылық іздері жоқ, - делінген мәліметте.

Істің мән-жайы анықталып жатыр.

Полиция азаматтардан судағы қауіпсіздік ережелерін сақтап, қоғамдық жерде алкогольді ішпеуді сұрайды.

Мадина Асылбекова
Бөлісу: