Ақмола облысында ер адам баланы құтқарамын деп суға батып кетті

14 Шілде 2023, 10:15 832

1958 жылы туған ер адам Щучье қаласы көлінің қарама-қарсы жағында батып бара жатқан баланы құтқарамын деп, суға кетті. Бала аман қалды, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі Ақмола облысы Төтенше жағдайлар департаментінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Оқиға орнына келген құтқарушылар ер адамды жағаға апарып, жедел жәрдем келгенге дейін жүрекке массаж жасау арқылы алғашқы медициналық көмек көрсетті. Өкінішке қарай, оны құтқару мүмкін болмады.

Ақмола облысы Төтенше жағдайлар департаменті облыстың тұрғындары мен қонақтарына судағы қауіпсіздік ережелерін сақтауды ескертеді.

Равиль Ашығали
Бөлісу: