Ақмола облысында екі жүкті әйел эвакуацияланды

9 Ақпан, 20:29 732

Ақмола облысының Қорғалжын ауданында іші ауырғанына шақымданған екі жүкті әйел эвакуацияланды, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

Ақмола облысы ТЖД баспасөз қызметінің мәліметінше, қолайсыз ауа райына байланысты әйелдер Шалқар ауылынан шыға алмаған.

Қорғалжын ауданы ТЖБ құтқарушылары Астана қаласы ТЖД қызметкерлерімен бірлесіп әйелдерді аудандық ауруханаға және Астана қаласының ауруханасына жеткізді, - делінген мәліметте.

Жүкті әйелдердің жағдайы тұрақты.

Ақмола облысының ТЖД азаматтарды қолайсыз метеожағдайлар кезінде жолдарда сақ болуға шақырады.

Перизат Саденова
Бөлісу: