Ақмола облысында дүкен өртенді

22 Сәуір, 02:35 792

Ақмола облысы Шортанды ауданында дүкен өртенді. Оқиға Жолымбет ауылындағы Мира көшесінде 21 сәуір сағат 18.13-те болған, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

Төтеншеліктердің мәліметінше, «Березка» дүкенінің шатыры отқа оранған. Алдын ала болжам бойынша қызыл жалын 180 шаршы метр аумақты шарпып үлгерген. 

Оқиға орнына Ақмола облысы ТЖД жеке құрамынан 7 құтқарушы және 2 техника шұғыл жетіп, өртті дер кезінде сөндірген. 

Қызыл жалын сағат 19.55-да оқшауланды. Құрбандар мен зардап шеккендер жоқ. Қазіргі таңда өрттің шығу себебі анықталып жатыр.

Перизат Саденова
Бөлісу: