Ақмола облысында бір жарым жасар қыз бесінші қабаттан құлап мерт болды

6 Қыркүйек, 14:37 492

Ақмола облысында 5 қабаттың терезесінен құлаған 1,5 жасар қыз ауруханада көз жұмды, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

Ақмола облысы ПД баспасөз қызметінің мәліметінше, қайғылы жағдай қыркүйектің 4-де Көкшетау қаласында болған.

Анықталғандай, қыз бала көпқабатты тұрғын үйдің 5-ші қабатындағы пәтердің терезесінен құлап кеткен. Дәрігерлер баланың өмірі үшін күресті, алайда, бүгін түнде бала қайтыс болды. Осыған байланысты полиция іс қозғап, сотқа дейінгі тергеу амалдарын жүргізуде. Оқиғаның мән-жайы анықталуда, - деп түсіндірді ведомстводан.

ТЖМ ата-аналарға қауіпсіздік ережелерін сақтау керектігін ескертеді.

Мөлдір Қайнар
Бөлісу: