Ақмола облысында бір ауылдан 250-ге жуық жылқы жоғалды

3 Мамыр, 12:18 718

Ақмола облысына қарасты Зеренді ауданының Қызылсая ауылынан 250-ге тарта жылқы жоғалды, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

Қыс мезгілінде жайылым іздеп, жан-жаққа шашырап кеткен жылқыларын көктемде тауып аламыз деген халықтың үміті ақталмай отыр. Қазірге дейін 25 малдың өлексесі табылған.

Тұрғындар қалған жылқылар Солтүстік Қазақстан, Қостанай облыстарының аумағына өтіп кеткен болуы мүмкін деп отыр.

Жылқылар  Петропавл, төменге қарай кетіп қалды ма деп, Қызыл туға кетті ме деп ойлап, іздеп жатырмыз. Бірақ, таба алмай жатырмыз. Әзірге көрген-білген ешкім болмай тұр, - дейді тұрғындар мұңын шағып.

Іздестіру жұмыстары әлі жалғасып жатыр. 

Мөлдір Қайнар
Бөлісу: