Ақмола облысында белсенді ұзақ өмір сүру орталығы ашылды

20 Ақпан, 20:50 404

Ақмола облысында «Алтын жас» белсенді ұзақ өмір сүру орталығы ашылды, деп хабарлайды El.kz ақпараттық агенттігі.

Жобаны Жарқайың ауданының жас кәсіпкері Саят Кемпіровтің бастамасымен жүзеге асырылды. 2024 жылы ол «Тәуелсіздік ұрпақтары» облыстық байқауына қатысып, орталықты ашуға грант жеңіп алған.

Мемлекеттік қолдаудың арқасында мен осы белсенді ұзақ өмір сүру орталығын аштым. Мұнда аға буын өкілдері тек қарым-қатынас жасап қана қоймай, өз таланттарын ашып, шығармашылықпен айналысып, спортпен шұғылданып, жаңа нәрселерді үйрене алады, - деді орталықтың директоры Саят Кемпіров.

Орталықта түрлі үйірмелер, дене белсенділігі сабақтары, шығармашылық шеберлік курстары және әлеуметтік кездесулер өткізіледі. Сондай-ақ зейнеткерлер үшін медициналық кеңестер бұрышы қарастырылған.

Біз осындай орталықтың ашылғанына өте қуаныштымыз. Мұнда біз қызықты істермен айналысып, денсаулығымызды нығайта аламыз. Біздің жасымызда бұл ерекше маңызды, - деп атап өтті Ардагерлер кеңесінің төрайымы Ұлболсын Ахметова.

Белсенді ұзақ өмір сүру орталығы шамамен күніне 20 адам қабылдап, онда 2 маман жұмыс жасайтын болады.

Асқар Таудай
Бөлісу: