ТЖМ қызметкерлері қар құрсауынан алты адамды құтқарды, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.
ТЖМ мәліметінше, бүгін Ақмола облысы Қойтас және Ажы ауылдарының арасында екі жүк көлігі қар құрсауында қалып, қозғалысын жалғастыра алмады.
Құтқарушылар өтімділігі жоғары «Трэкол» көлігімен шақырту орнына жедел жетіп, жақын маңдағы жылыту пунктіне 6 адамды эвакуациялады. Медициналық көмекке ешкім мұқтаж болған жоқ, - делінген мәліметте.