Ақмола облысында әкімдік қызметкерлері үш жыл бойы бюджет қаржысын ұрлап келген

26 Ақпан, 12:40 713

Целиноград ауданындағы Қараөткел ауылдық округі әкімдігінің лауазымды тұлғалары үш жылдан астам уақыт бойы жалпы сомасы 15 млн теңгеден астам жалақыны негізсіз алып келген, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

Ақмола облысы прокуратурасының мәліметінше, бұл факт бойынша Қараөткел ауылдық округінің лауазымды тұлғаларына қатысты ҚК-нің 189-бабы 2-тармағының 4-бөлігі (аса ірі мөлшерде жымқыру) бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеру басталды.

Аталған баптың санкциясы мүлкі тәркіленіп, 7 жылдан 12 жылға дейін бас бостандығынан айыруды қарастырады.

Мадина Асылбекова
Бөлісу: