Ақмола облысында 8 лауазымды тұлға жауапқа тартылды

9 Қазан, 12:40 398

Ақмола облысында лауазымды тұлғалар мемлекеттік сатып алудан заңсыз бас тартқаны үшін жауапқа тартылды,  деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

Облыс прокуратурасы мемлекеттік сатып алу саласындағы заңдылықтың сақталуына талдау жүргізу барысында мемлекеттік органдар «Мемлекеттік сатып алу туралы» Қазақстан Республикасының заңын бұза отырып, жалпы сомасы 3,8 млрд теңгеге немқұрайлы себептерімен сатып алудан бірқатар бас тартуды жүзеге асырғанын анықтаған.

Aуданның құрылыс бөлімдерінің бірі объектінің күрделілік деңгейін дұрыс көрсетпеу, бас жоспардың және басқа да құжаттаманың болмауы себебінен мемлекеттік сатып алудан бас тартқан. Бұл негіздер мемлекеттік сатып алудан бас тарту және одан әрі шарт жасаспау үшін қолданылмайды (Заңның 5-бабы 13-тармағы)» – делінген хабарламада.

Осылайша, мемлекеттік органдардың аталған заңсыз әрекеттері кәсіпкерлердің құқықтарын, адал бәсекелестік қағидатын бұзады және сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне алып келеді7

Облыс прокуратурасының ұсынуы бойынша 8 лауазымды тұлға әкімшілік жауапкершілікке тартылып, жалпы сомасы 2 млн теңгеден астам айыппұл салынды.

Мөлдір Қайнар
Бөлісу: